Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының бас сарапшысы (2021 жылғы 14 қаңтарға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне), ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті№ 21-15-2
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (стоматология және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе емдеу ісі)
Функционалды міндеттер
Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізімдерін әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, медициналық ұйымдарда құпия аудитті енгізу, Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің және Call-орталықтарының жұмысын үйлестіру. Медициналық инциденттерді (қателерді) есепке алу және талдау жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды, пациенттің құқықтары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс, 425 кабинет
-
8(7172) 74-18-04, 74-27-12