ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы әуе көлігіндегі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, C-R-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Послевузовское или высшее образование

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын жоспарлау және басқару. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған мәселелерді шешуді ұйымдастыру. Темір жол және су көлігі объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде теміржол және су көлігі қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, техникалық регламенттер мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әзірлеу және қарау. Бөлім мамандарына практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың, шешімдердің жобаларын дайындау. Темір жол және су көлігіндегі бақылаудағы объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық - эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Инфекциялық, кәсіптік аурулар, ТЖ жағдайлары бойынша жолаушылар тасымалымен байланысты қызметкерлер арасында санитариялық - ағарту жұмыстарын жүргізу. Бөлім қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, жинақтау, қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.04.2021 – 05.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Online

Анықтама алу үшін байланыс

942906