Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларды бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2023 жылдың 22 тамызына дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: санитария, гигиена, эпидемиология рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерге, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, физикалық факторлар мен төтенше жағдайлар мәселелері бойынша Мемлекеттік санитариялық-гигиеналық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу жөніндегі іс-шараларға бақылауды ұйымдастыру. Санитарлық-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. Төтенше жағдайлар Департаменті және радиациялық қауіпсіздік пен иондық сәулеленуге бақылау, табиғи және тетехногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен ведомствалық ұйымдармен өзара әрекеттесу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және орындалуын талдауға қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі ақпараттарды дайындау. Бөлімнің ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52