Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 10 қазанына дейін), С-O-4-санаты, 1-бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: санитария, гигиена, эпидемиология білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Жіті ішек инфекциялары, вирустық және вакцинамен басқарылатын инфекциялар, паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Инфекциялық және паразитарлық аурулардың өршулерін тексеруге, олардың себептерін анықтауға, шоғырландыру және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау материалдарын құру, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес иммунопрофилактика бойынша жоспарларды жоспарлау мен орындауды бақылау. I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруге қатысу.  Семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Департаменттің аумақтық басқармалары  жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге  қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Құзыретінің шегінде департаменттің және басқармаларының мамандарына әдістемелік  және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде аналитикалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2021 – 17.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (7172) 57-60-52