Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 10-03-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Балалар мен жасөспірімдерді медициналық оңалту, әлеуметтік оңалту мен педагогикалық түзетуді медициналық оңалтумен интеграциялау мәселелеріне жетекшілік ету. Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу. Балалар мен жасөспірімдерді медициналық оңалту және санаторийлік-курорттық емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және оңалту және санаторийлік-курорттық емдеу жөніндегі бірлескен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді медициналық оңалтуды және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу, балалар мен жасөспірімдерді медициналық оңалту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Семинарларға, алқаларға, конференцияларға материалдар дайындау. Қызметтік құжаттарды, органдар мен медициналық ұйымдардың хаттарын қарау. Балалар мен жасөспірімдерді медициналық оңалту және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2021 – 11.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18