Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 21 қазанына дейін), С-O-5-санаты, 1-бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: санитария, гигиена, эпидемиология рұқсат етіледі.

 

Функционалды міндеттер

Емдеу-профилактикалық ұйымдарын, ауруханаішілік инфекцияларды инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын қадағалау бойынша қызметті талдау. Ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылыққа мониторинг жасау. Қаладағы емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерилдеу және санитариялық-эпидемиологиялық режимдерінің сақталуын бақылау. Медициналық ұйымдардың қалдықтарының жиналуын, пайдаланылуын, залалсыздандырылуын, сақталуын және жойылуын қадағалау. Департамент басқармаларымен зертханалық зерттеулердің мемлекеттік тапсырысының орындалуын бақылау. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау.  Құзыретінің шегінде аналитикалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Департаменттің аумақтық басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.02.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2021 – 19.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 57-60-52