Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Статистикалық есеп және талдау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, (1 бірлік), 13-03-03

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есеп және есеп беру жүргізуді қамтамасыз ету. Статистикалық есеп және есепке алу мәселелері бойынша фармацевтикалық қызмет объектілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын үйлестіруге қатысу. Денсаулық сақтау және салалық статистиканы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу. Бекітілген есеп нысандары бойынша тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық статистикалық деректерді қабылдау, жинақтау мен жалпылауға қатысу. Республиканың медициналық ұйымдары қызметінің және халық денсаулығының статистикалық көрсеткіштерінің есептемелерін жүргізу. Статистикалық және талдамалық жинақтамаларды қалыптастыруға қатысу. Ақпараттарды, есептерді, анықтамалар мен талдамалық материалдарды дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағынысты ұйымдарға нақты және әдістемелік көмек көрсету. Семинарлар, алқалар, конференцияларды даярлауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың қызметтік құжаьттарын, хаттарын қарау. Министрліктің Стратегиялық комитетінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.03.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.03.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18