Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің 27.07.2021 ж. қоса алғандағы оқу демалысы мерзіміне), (1 бірлік), С-4 санаты, 10-02-03

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше педиатрия бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының, денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Функционалды міндеттер

Жаңа туған нәрестелерге, балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, балалар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру. Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, жоспарларды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобаларын әзірлеу және іске асыру мониторингі. Балалар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Неонаталдық, педиатриялық қызметтердің, бейінді балалар қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру. Нәрестелер мен балалар өлімі жағдайларының санын мониторингілеу, негізгі себептерден болатын өлім құрылымына талдау жүргізу, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу. Жол карталарын әзірлеу және өзектендіру және белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы орындау. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу. Педиатриялық және балалар бейінді қызметтерінің, оның ішінде балалар онкогематологиялық қызметінің, оториноларингологиялық, кардиохирургиялық, неврологиялық және басқа да қызметтердің жұмысын үйлестіру. Нәрестелер мен балалар өлімін төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың жұмысын ұйымдастыру. Республикалық орталықтармен бірлесіп Қазақстан Республикасында нәрестелер мен балалар өлімін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мониторингі. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде балаларға кохлеарлық имплантация бойынша бюджеттік бағдарламаны жүргізу тиімділігінің мониторингі. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қадағалап-қараудың енгізілген технологияларының, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделінің жұмысын үйлестіру. Халықаралық ұсыныстарға сәйкес ҚР медициналық ұйымдарында емшек сүтімен қоректендірудің қолдау бойынша жұмысты жетілдіруді үйлестіру. Ерте жастағы балалардың скринингтерін жүргізу мониторингі (жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалардың неонаталдық, офтальмологиялық, психофизикалық, аудиологиялық скринингтері). Босандыру медициналық ұйымдарына (перинаталдық орталықтардың, перзентханалар мен бөлімшелер), балалар стационарлары мен емханаларына, көпбейінді ауруханалар мен емханалардағы балалар бөлімшелеріне, Балалар үйлеріне құзыреті бойынша жетекшілік ету. Орфандық аурулары бар балаларды диагностикалау мен емдеуді жетілдіруге медициналық көмек көрсетуді үйлестіру. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен құжаттарды уақтылы, сапалы қарау және орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.01.2021 – 29.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18