Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті Еуразиялық интеграция мәселелері басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 04.08.2021 ж. қоса алғандағы баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына), (1 бірлік), С-4 санаты, 12-02-02
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Аударма ісі
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
- Қаржы
Қосымша талаптар
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша мүмкіндігінше жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтауы және мүмкіндігінше шет тілдерін меңгеруі.
Функционалды міндеттер
Кіріс хат-хабарларын зерделеу, талдау, уақтылы және сапалы орындау, Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау, еңбек тәртібін сақтау. Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЕАЭО, ДСҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және т. б. интеграциялық бірлестіктерімен байланысты дамытуға және өзара іс-қимылға жәрдемдесу. Денсаулық сақтау саласындағы шет мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелерін талдау және ұсыныстар беру. Шет елдерімен ынтымақтастық туралы талдау және ұсыныстар беру, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеу және дайындау. Қабылданған және қабылданып жатқан шешімдерді, ЕАЭО шеңберінде қабылдануға жоспарланған құжаттардың жобаларын және Министрліктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді талдау және мониторинг жүргізу. Жетекшілік ететін келісімдердің, бекітілген жоспарлар мен хаттамалық шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізу, келіссөздерді, қабылдауларды, жұмыс топтарын ұйымдастыру және оларға қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды, хаттар мен қорытындыларды дайындау. Заңды және жеке тұлғаларды өтініштерін қарау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің кездесулерін, семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18