Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Зертханалық қызметті үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты 1 бірлік), № 16-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Комитеттің ведомстволық бағыныстағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдарына бақылауды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Комитеттің қызметін зертханалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету бөлігінде аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу.   Басқарманың құзыретінің шегінде жетекшілік ететін жұмыс бөлімдері бойынша заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және әзірлеу. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мәселелері бойынша стандарттарға  өзгерістер енгізу жобаларын, стандарттау жобаларын қарау және келісу. Қазақстан Республикасының өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізу үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу әдістемелерін қарау және келісу. Құзыретінің шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде Министрлік, Комитет алқаларының талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретнінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.12.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.12.2020 – 23.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-27-12