Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысыC-4 санаты (1 бірлік), (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыста болу мерзіміне 17.04.2023 ж дейін)№ 06-5
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитеттің орталық аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізу. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша тоқсан сайынғы есептілікті қарау және жинақтау. Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша қаржылық есептілікті е-Қаржымині ақпараттық жүйесінде қабылдау, өңдеу және шоғырландыру. Орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың активтерін есептен шығару жөніндегі материалдарды қарау, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері. Комитеттің мүлкін түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша жылдық есептілікті жасау және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың осы есепті ЕССО АЖ мемлекеттік тізіліміне ұсынуын мониторингілеу. Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша бюджеттің атқарылуын мониторингілеу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік, Комитет алқаларының талдамалық материалдары, анықтамалары, баяндамалары, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-27-12