Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 03-3
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Денсаулық сақтау
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Сыбайлас жемқорлыққа және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен шаралар әзірлеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Комитеттің мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қызметін талдау. Аумақтық бөлімшелерде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйіне тексеру жүргізу. Мемлекеттік құпияларға жіберуді ресімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; құпия құжаттарды ұстаушылар арасынан шетелге қызметтік іссапарларға жіберілетін адамдарға нұсқама жүргізу. Арнайы байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-27-12