Алматы бөлімшілік басқармасы СЭБД-нің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және теміржол көлігіндегі жолаушылар мен жалпы тасымалдау объектілерін қадағалау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты (1 бірлік),

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Теміржол және су көлігі объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде теміржол және су көлігі қызметкерлері мен жолаушылардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, техникалық регламенттерді және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әзірлеу және қарау. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Теміржол және су көлігі көлігіндегі бақылаудағы объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Инфекциялық, кәсіптік аурулар, ТЖ жағдайлары бойынша жолаушылар тасымалымен байланысты қызметкерлер арасында санитариялық - ағарту жұмыстарын жүргізу. Бөлім қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, жинақтау, қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.12.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.12.2020 – 23.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

online

Анықтама алу үшін байланыс

942906