Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті бюджетті жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 25 сәуiрге дейін, осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығымен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Алдағы қаржылық кезеңге Министрлік бюджетінің жобасын қалыптастыру, сондай-ақ ағымдағы кезеңге денсаулық сақтау саласының бюджетін нақтылау бойынша жұмыс, алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерді қаржылық сараптау және сомаларды бөлу. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамалар, материалдар және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау. Азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс. Министрліктің Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк шығыстар сыныптамасын, жалпы сипаттағы трансферттердi жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды және көрнекі ақпараттарды дайындау. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы басқару органдарына жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы органдармен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.boztaeva@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-37-17