Ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Функционалды міндеттер
Қызметтік мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін орындауды үйлестіру және іске асыру, сондай-ақ оларды техникалық қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелерде, ақпараттық ресурстарда және есептеу техникасы құралдарында ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және іске асыру. Министрліктің, оның ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін бақылау. Ақпараттық қауіпсіздік жағдайы бойынша Министрлік басшылығына ақпарат беру және Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Ақпаратты компьютерлік вирустардан, рұқсатсыз кіру, жойылудан қорғау, Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігінің басқа да әсерлері мен қатерлерінен сертификатталған аппараттық-бағдарламалық құралдарын бейімдеу қорғауды және енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру және іске асыру. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және оларды қабылдауды қамтамасыз етуге қатысу, олардың Министрлік құзыреті шегінде, оның ішінде төтенше жағдай, соғыс уақыты кезеңінде және жұмылдыру Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету Министрліктің, оның ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі шараларды үйлестіруді және іске асыруды қамтамасыз ету. Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмысын жүргізеді, сонымен қатар ведомстволық бағынысты ұйымдарының комплаенс-қызметін үйлестіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.boztaeva@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-37-17