Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті аналар денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды үйлестіру. Перинаталдық көмекті өңірлендіруге, тиімді перинаталдық технологияларды, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын енгізуге мониторинг жүргізу. Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша жағдайдың, ана өлімі деңгейінің мониторингі. Туа біткен даму кемістігі бар балалардың тууын төмендету үшін пренаталдық диагностиканы жетілдіру үшін ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Ұрпақты болу денсаулығын нығайту, фертильді жастағы аналар мен әйелдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысу. Басқарма жұмысында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің деректері бойынша фертильді жасындағы әйелдерді динамикалық бақылау мониторингі нәтижелерінің жиынтық талдауларын (профилактикалық, медициналық тексерулер, гинекологиялық және экстрагениталдық аурулар, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау, ЖЖБИ-мен ауру, аборттар контрацепция нәтижелері) қолдану. ҚР ауыр жағдайдағы пациенттерге (жүкті, босанатын және босанған әйелдер) мониторинг жүргізу. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.06.2026 – 10.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-37-17