Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті деректерді талдау және өңдеу басқармасының басшысы, (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және талдау.Электрондық денсаулық сақтау саласындағы деректерді жинау,өңдеу талдау және интерпретациялау басқармасының қызметін үйлестіру.Денсаулық сақтау процестерінің тиімділігін арттыру,жиналатын деректердің сапасы мен дәлдігін бақылау үшін деректерді пайдалану саласындағы стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу және іске асыру,сондай-ақ оларды уақтылы өңдеуді қамтамасыз ету. Басқару шешімдерін қабылдау үшін алынған мәліметтер негізінде аналитикалық есептер мен ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.Деректерді талдау әдістемесін әзірлеу, басқа бөлімшелермен  және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ ақпаратты қорғау және құпиялылық саласындағы нормативтік талаптар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.  Электрондық денсаулық сақтаумен байланысты ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылау және бағалау,сондай-ақ озық технологияларды енгізу,ақпаратты оңтайландыру және дамыту бойынша есептер мен ұсыныстарды ұсыну жүйелерін министрліктің басшылығына тапсыру.Тиісті жауапты тұлғалардың дерекқорларын өзекті,толық және шынайы мәліметтермен  уақтылы толтыруын үйлестіру. Ақпараттандыру обьектілерін құру және дамыту үшін жобалық-техникалық құжаттаманы тексеру.Деректерді басқару тұрғысынан қызметкерлерді оқыту және біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2026 – 11.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-37-17