ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаменті теміржол және су көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

305131

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Санитария, гигиена, эпидемиология
  • Медицина

Функционалды міндеттер

Негізгі қызмет мәселелері бойынша Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысына талдау жүргізу, аумақтық бөлімшелердің қызметіне тексеру жүргізуге қатысу. Темір жол және су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру. Теміржол және су көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде Департаменттің және Комитеттің кеңестері үшін материалдар, талдамалық материалдар, анықтамалар дайындауға қатысу. Өз құзыреті шегінде тамақтан улану, инфекциялық, инфекциялық емес, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық ісшараларды жүзеге асыруға міндетті. Өз құзыреті шегінде тамақтан улану, инфекциялық, инфекциялық емес, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық ісшараларды жүзеге асыруға міндетті. Астана қ. темір жол және су көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарын тексеруді жүзеге асыруға. Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу, профилактикалық бақылау және қадағалау кестелерін қалыптастыруды және оларды орындауды жүзеге асыруға. Бекітілген зерттеу номенклатурасына сәйкес санитариялық-химиялық, санитариялық бактериологиялық және зертханалық-аспаптық зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспарларын орындауды жүзеге асыруға. Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын жасауға және орындауға. Инфекциялық және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санацияны және міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын маманның қорытындысын алғанға дейін міндетті медициналық қарап тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысуға, олардың орындалуын бақылауға. Халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді және (немесе) техникалық регламенттерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілердің жекелеген жұмыс түрлерін, қызметін (пайдалануын) тоқтата тұруға. «Елицензиялау», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» және басқа да электрондық базаларымен және бағдарламаларымен жұмыс істеуге міндетті. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге. Талдамалық жұмысты жетілдіру, дайындалатын құжаттардың сапасын, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру. Халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге міндетті. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындау. Іс қағаздарын жүргізуді, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша талдау жүргізуді, темір жол және су көлігінің бақылаудағы объектілерінде өндірістік бақылаудың орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруға. Бекітілген нысандарға сәйкес есептілікті дайындауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, жобаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруды жүзеге асыруға. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге. Еңбек тәртібін сақтауға. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдансын. Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға міндетті. Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, Департаменттің ішкі актілері ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған талаптарды сақтау. Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және мониторинг жүргізу, рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге. Басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2026 – 05.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

09.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62