Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Азық-түлік қауіпсіздігі

Қосымша талаптар

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (030300 0 - Гигиена және эпидемиология)

Функционалды міндеттер

А блогі.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және оның орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс  көрсеткіштерін  дайындау.  Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дайындау және орындау. Зертханалық бақылауды жүргізе          отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды жүргізу, ұйғарымдардың орындалуын бақылау, санитариялық- эпидемиологиялық жағдайды талдау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін   жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары       мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүргізу. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс- араларды жүзеге асыру. Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.06.2026 – 03.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.06.2026

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7а-үй, №24 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87122 323149