ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың өкілеттілікке кіретін мәселелер бойынша қажетті шараларды қабылдау. Еңбек тәртібін және қызметтік этика нормаларын сақтау. Департамент басшысының бұйрықтары мен нұсқауларын, жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын олардың өкілеттілігі шегінде орындау. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына және қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді құпия сақтау және оларды алу үшін азаматтардан мұндай ақпаратты талап етпеу, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа. Департамент басшылығына немесе құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе қылмыстары туралы ақпаратты дереу хабарлау. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның қаржылық бөлігін жақсарту мәселелері бойынша Департамент басшысына ұсыныстар енгізу. Департаменттің үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу. Есепті кезеңдегі бюджет бағдарламаларының тиімділігін бағалауға қатысу. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражаттарының үнемді және мақсатты жұмсалуын бақылау. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен еңбек уақытын есепке алу табелін уақытында сұрату (уақытша қызметкерлер). Қызметкерлер мен Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне жалақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерді уақытында және дұрыс есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы мен сақтандыру жарналарын, банктерге және басқа да есеп айырысу төлемдерін уақытында төлеуді бақылау. «Клиент-казначейство» ақпараттық жүйесінде есеп айырысуларды уақытында жүргізу. Мемориалдық ордер № 5 дайындау. Салықтық және статистикалық есептерді дайындау, салық органдарымен тексеру жүргізу. Жалақы бойынша статистикалық есептілік, салық бойынша есептілікті тиісті органдарға, оның ішінде: Астана қаласы Статистика департаментіне: еңбек туралы есеп 1-Т (қосымша №1) (тоқсандық, жылдық, ағымдағы жылдың 10шы күніне дейін тапсыру); жалақы бойынша жұмысшылар санын бөлу туралы есеп 1-Т(ЗП) (жылдық, ағымдағы жылдың 7-ші күніне дейін); 2-Т (проф) нысаны (екі жылда бір рет); Сарыарқа ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына: жеке табыс салығы және әлеуметтік салық туралы декларация 200.00 нысаны; салық органдарымен салыстыру жүргізу; Защитинский бөлімшесінің мәліметтерін дайындау. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен аванс есептерін уақытында жинау. Іссапар шығындары бойынша есеп айырысуларды уақытында жүргізу, аванс есептерін дұрыс жасауды тексеру, қабылдау және өңдеу. Мемориалдық ордер № 8-ді уақытында дайындау. Өкілеттілік шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеу және қарау. Бюджетті нақтылау кезінде техникалық сипаттамалар бойынша есептерді дайындау. Бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдеріне бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылау, оларды есептеу өңдеуге дайындау. Қаржы тәртібін сақтау және ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Бухгалтерлік есеп бойынша тиісті бөлімдер үшін есептілік құрастыру үшін деректер дайындау (бухгалтерлік баланс, кредиторлық және дебиторлық қарыздар туралы есеп және т.б.), бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды архивке тапсыру үшін белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Департаменттің ішкі актілерін сақтау, ақпаратты және жеке деректерді нақты және әлеуетті қауіптерден қорғауды, ақпараттық қауіпсіздік саласында корпоративтік мәдениетті дамыту талаптарын сақтау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.saltayeva@dsm.gov.kz
- 28.05.2026
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62,