Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және дамыту басқармасының басшысы (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жалпы басшылықты жүзеге асыру және басқарма қызметін ұйымдастыру. Міндетті әлеуметті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесін дамытудың және жетілдірудің бағыттары мен міндеттерін айқындауға; МӘМС жүйесінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс мониторингін жүзеге асыруға; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен МӘМС жүйесі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-пен, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен және басқа да қатысушыларымен енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; басқарма құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша денсаулық сақтау щенберінде МӘМС-тің заңнамалық ұсыныстарын әзірлеуге қатысу. МӘМС енгізу кезінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыруға қатысу. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз ету бөлігінде бағдарламалық құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу. Құзырет шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар өткізуді ұйымдастыру және қатысу; Басқарма қызметкерлерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, мамандардың жұмысына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.boztaeva@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-37-17