ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары, C-R-2 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Алматы қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Көліктегі басқарманың қызметін ұйымдастыруға
және оған басшылық жасауға және Басқарма туралы Ережеге сәйкес жүктелген
міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес
жауапты болуға;
беруді, олардың қолданылуын тоқтата тұруды, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерінен айыруды (кері қайтарып алуды), қарауды қамтамасыз
етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюрократия мен әуре-
сарсаңға салу жағдайларына жол бермеуге;
Реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттауға;
Көлікте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, Кеден одағының
кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін өткізу пунктерінде, автомобиль өткізу
пунктерінен басқа, сол аумақта жұқпалы, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам
денсаулығына зиянды заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуына жол бермеу
мақсатында санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық), халық денсаулығына
қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік
құралдарына, жүктерге санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыруды іс-
шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне бақылауды қамтамасыз етуге;
Көлікте бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі
Басқарманың қызметін бақылауға;
Бақылау және қадағалау объектілеріне тексеру жүргізуге қатысуға;
Тұтынушыларға сатылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша,
сондай-ақ оны өткізу сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында
техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды
сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында
санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға;
Өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыруға;
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес рұқсат беру рәсімдерін лицензиялауды және хабарламаларды қабылдауды
жүзеге асыруға;
Инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге
асыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-
тексеруді жүзеге асыруға;
Медициналық қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі
бойынша олардың қауіптілік сыныбын айқындауға;
Медициналық қалдықтардың айналысын реттеу мен бақылауды жүзеге
асыруды бақылауға (медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және
кәдеге жарату);
Қызметкердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі
үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-қимылдарды орындауына байланысты
зиянды өндірістік факторлардың қызметкерге әсер етуіне байланысты кәсіптік
аурулар және (немесе) улану жағдайларын тергеп-тексеруді жүргізуге;
Көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, нормативтік құқықтық
актілерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
Реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және
бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасауға;
Реттелетін салада мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың,
стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бақылауға;
Жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында, айқындық пен ашықтықты
қамтамасыз ету үшін Департамент сайтында семинарлар, брифингтер, БАҚ-пен
кездесулер өткізу, сондай-ақ көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнама туралы ақпаратты тұрақты
негізде орналастыруға;
Көлік объектілерінде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуге
арналған мемлекеттік тапсырыс көлемінің орындалуын қамтамасыз етуге;
Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,
Басқарманың ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, осы лауазымдық нұсқаулықты
сақтауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, Департамент пен Басқарманың ақпаратты және дербес деректерді
сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған ішкі
актілері саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де
міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.saltayeva@dsm.gov.kz
- 28.04.2026
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62