ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Болашақ станциясы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Функционалды міндеттер

Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес шекараны санитариялық қорғау жөніндегі бөлімнің жұмысын қамтамасыз етуге, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде (санитариялық карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік бақылауды қамтамасыз етуге;

әкелуге тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізу кезінде оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупін тудыратыны белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеуді қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінде байланыссыз термометрия жүргізуді жүзеге асыруға, қажет болған жағдайда жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды жүргізуге;

теміржол көлігінің бас декларациясының медициналық-санитариялық бөлігіне тексеру жүргізуді, жолаушылар мен локомотив бригадаларының мүшелеріне олардың денсаулығының жай-күйі туралы сұрау салуды (сауалнама жүргізуді) қамтамасыз етуге; көлік құралын (ас блогын, сумен жабдықтау жүйелерін, қалдықтардың барлық түрлерін жинау және жою жүйелерін) көзбен шолып санитариялық тексеріп қарауды, сондай-ақ инфекцияны тасымалдаушылардың (жәндіктердің, кеміргіштердің және олардың болу іздері) көлік құралын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін толтыра отыруға;

қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құзыреті шегінде деректер банкін қалыптастыра отырып, эпидемиологиялық қолайсыз елдерден келетін жолаушылар мен жүк теңіз кемелеріне, жолаушыларға, экипаж мүшелеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге;

өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін және олардың көліктік және коммерциялық құжаттарға сәйкестігін растайтын құжаттарға санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге - санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелерін есепке алу, оның ішінде «Кеден» ақпараттық жүйесінде; санитариялық-эпидемиологиялық айғақтарды негізге ала отырып, кедендік шекарада санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға және бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінің II бөліміне енгізілген бақылаудағы тауарларды қарауды, сынамаларды алуды қамтамасыз ету;

көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды тексеруге (кеден органдарының өтініші бойынша), тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген бақылаудағы тауарларды бағалау үшін сынамаларды қарауға және іріктеуге қатысуды қамтамасыз ету;

бақылаудағы тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдауға;

тасымалдау шарттары бұзылған, контейнерлердің тұтастығы, қаптаманың бүлінуі, химиялық, радиациялық, биологиялық авариялар салдарынан залалданған қолайсыз елдерден тауарлардың келуі жағдайларында бақылаудағы тауарларға бағалау жүргізуге;

бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың анықталғаны туралы жүк жөнелтушіні хабардар етуге;

адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдер әкелінген жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;

үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізуге;

Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін санитариялық-карантиндік пункттерде (бұдан әрі-СКП) карантиндік және аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда жедел іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;

мемлекеттік шекараны санитарлық қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

теміржол қызметтерінің қызметкерлерін және локомотивтік бригада  экипаждарының мүшелерін оқытуды және нұсқау беруді, шекаралар мен аумақтарды санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жаттығу оқу-жаттығуларын өткізуді ұйымдастыруға және жүргізуге;

карантиндік және аса қауіпті инфекциялар, эпидемиялық асқынулар туындаған және карантиндік және аса қауіпті инфекциялар ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізілген жағдайда науқастарды уақытша оқшаулау үшін теміржол вокзалының медициналық пункттерінің изоляторының жұмысына әзірлігін бақылауды жүргізуге;

өз құзыреті шегінде кедендік шекара мен ЕАЭО аумағын санитариялық қорғау, теміржол, теңіз және әуе көлігіндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

СКББ санитариялық-карантиндік бақылау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға;

СКББ объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етуге;

ЕАЭО кедендік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

СКББ мамандарының кәсіби және біліктілік деңгейін арттыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жүргізу;

СКББ құзыреті мәселелері бойынша Департамент мәжілістерінің материалдарын, анықтамаларын, баяндамаларын, қаулыларының жобаларын дайындау;

бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

жұмыстардың жылдық, айлық жоспарларын жасауға, СКББ жұмыс кестелерін әзірлеуге және келісуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;

эндемиялық және эпидемиологиялық қолайсыз елдерге кететін және олардан келетін жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы бойынша дәрістер, жадынамалар мен буклеттерге мәтіндер дайындау бойынша жұмыс жүргізуге;

жеке және заңды тұлғалардың СКББ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерін қарауға;

негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындауға;

іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыруға, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге;

СКББ материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет-ресурсында жария етуге міндетті;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;

еңбек тәртібін сақтауға;

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті;

мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға;

өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға;

басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, Департаменттің ішкі актілері ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған талаптарды сақтауға;

құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті;

қатысты ведомстволар мен ұйымдармен  бірлесіп аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды әкелуден және таратудан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;

СКББ есепке алу-есептік құжаттамамен, нормативтік құжаттамамен, құқықтық актілермен, нұсқаулық-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуге;

санитарлық-карантиндік бақылаудың жай-күйін талдау жасауға, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өткізу пункттеріндегі СКББ қызметін тексеру және бағалау қорытындылары бойынша анықтамалар, Департамент алқа отырысына материалдар  дайындауға;

жұмыстың жаңа нысандар мен әдістерді зерделеуге және практикаға енгізуге;

санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша апталық, ай сайынғы, тоқсандық есептілікті уақтылы және сапалы жасалуын қамтамасыз етуге;

салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс үйлестіруді және бақылауды;

белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге;

сақталуын қамтамасыз етуге міндетті сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2026 – 23.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62