ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы, C-R-3 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Атырау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметінің басым бағыттарын айқындауға;
Негізгі қызмет мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіруге және талдау жүргізуге;
Басқарманың кеңестері, талдау материалдары, қызмет бөлімі бойынша анықтамалар үшін материалдар дайындауға;
Әуе, теміржол және су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге, үйлестіруге, мониторинг жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарын беруге, олардың қолданылуын тоқтата тұруға материалдар дайындауға;
Әуе, теміржол және су көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етуге;
Өз құзыреті шегінде тамақтан улану, инфекциялық, инфекциялық емес, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
Әуе, теміржол және су көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
Жұқпалы және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
Медициналық қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша олардың қауіптілік сыныбын айқындауға;
Медициналық қалдықтардың айналымын реттеуді және бақылауды жүзеге асыруға (медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу);
Қызметкердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-қимылдарды орындауына байланысты зиянды өндірістік факторлардың қызметкерге әсер етуіне байланысты кәсіптік аурулар және (немесе) улану жағдайларын тергеп-тексеруді жүргізуге;
Бақылаудағы объектілерде «А», «ОК» литерлерімен аса маңызды рейстерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыруға;
Біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу, профилактикалық бақылау және қадағалау кестелерін қалыптастыруды, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
Бекітілген зерттеу номенклатурасына сәйкес санитариялық-химиялық, санитариялық-бактериологиялық және зертханалық-аспаптық зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспарларының орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын жасауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;
Адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жұмысын немесе оның жекелеген түрлерін (процестерін, іс-қимылдарын) орындау жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсетуі, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе оның жекелеген түрлерінің (процестерінің, іс-қимылдарының) жұмыстарын орындауы жөніндегі қызметке тыйым салу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және сатудан кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Инфекциялық және паразиттік науқаспен тығыз байланыста болған адамдарды жұмыстан (оқудан) уақытша шеттету туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулылардың жобаларын дайындауға;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы хаттама жасауға, қаулы жобасын дайындауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысуға, олардың орындалуын бақылауға;
Әкімшілік және азаматтық істерді сот органдарына дайындауға және беруге;
«Е-лицензиялау», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» және басқа да электрондық базалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
Талдамалық жұмысты жетілдіру, дайындалатын құжаттардың сапасын, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге;
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындауға;
Бөлімнің материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурста жариялауға;
Іс қағаздарын жүргізуді, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізуге;
Әуе, теміржол және су көлігінің бақылаудағы объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша талдау жүргізуді, өндірістік бақылаудың орындалуын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыруға;
Бекітілген нысандарға сәйкес есептілікті дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелер бойынша құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасауға;
Құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Еңбек тәртібін сақтауға;
ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға;
Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға;
Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға;
Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Департамент пен Басқарманың ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған ішкі актілері саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауға;
Өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайлары туралы Басқарма басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.saltayeva@dsm.gov.kz
- 28.04.2026
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62