ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құқықтық қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық нормалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Санитария, гигиена, эпидемиология
- Құқықтану
- Азаматтық құқық
Функционалды міндеттер
Департамент пен оның қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің мүдделерін сотта және басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелер бойынша білдіруді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы және жаңа қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің жүйеленген есебін жүргізу, сондай-ақ Департамент пен оның қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мониторингтеу тәртібін тұрақты түрде үйлестіру, бұл тәртіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Департамент пен оның қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде дайындалып жатқан заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, келісімшарттарды, процессуалдық құжаттарды және басқа да құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелермен келісу кезінде. Департамент басшысының тапсырмасымен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және басқа құқықтық құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және өткізу, құқықтық білім беру ұйымдастыру, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен құқықтық мәселелерді түсіндіру, қолданыстағы заңнамалар мен оның қолданылу тәжірибесі бойынша ақпараттық материалдарды жіберу, құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда Департамент атынан құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау. Департамент пен оның қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен қатысуымен туындаған даулар бойынша сот тәжірибесін, талап-арыз жұмысының жағдайын талдау. Заңнамада белгіленген негіздер болған жағдайда, Департаментке қолайсыз сот актісін апелляциялық тәртіппен уақытында қайта қарау, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылықтар енгізу туралы өтініштер беру. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау шараларын қабылдау. Департаменттің құқықтық құжаттарының жобаларын, бұйрықтарын, шешімдерін, қорытындыларын, қаулыларын, хаттамаларын және басқа да құжаттарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, олардың визаларын уәкілеттілігі шегінде бекіту. Жоғары тұрған инстанциялардың құқықтық жұмысы бойынша ақпараттар мен басқа материалдарды талдау, мәселерді қарауға енгізу және жедел кеңестер мен алқаларда қатысу, құқықтық жұмысты жетілдіру үшін анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдау. «Біріңғай әкімшілік өндірістер реестрі» (ЕРАП) ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік өндірісін талдау және мониторинг жүргізу. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындау, құзырет шегінде. Жылдық жұмыс жоспарын құрастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету. Аналитикалық жұмысты жетілдіру, әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру, қабылданатын шешімдердің тиімділігін жоғарылату. Коррупциялық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын өткізу. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды дайындау. Департаменттің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында Отделдің жұмысына қатысты материалдарды жариялау. Істер жүргізуді жүргізу, статистикалық есептілікті, директивті құжаттар бойынша ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында алынған коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын ақпаратты жарияламау, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайлардан басқа. Өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, лауазымдық міндеттерді тиімді орындау үшін. Еңбек тәртібін сақтап, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін орындау. Мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді қабылдау. Орындалған функцияларды адал орындау. Өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын олардың өкілеттіктері шегінде орындау. Еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Коррупциялық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар туралы мәліметтерді дереу Департамент басшылығына немесе құқық қорғау органдарына жеткізу. Тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарының сақталуын тексеру мақсатында теміржол, су және әуе көліктерінде субъектілерді (объектілерді) тексеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірдей талаптарды, Департаменттің ішкі актілерін сақтау, ақпарат пен жеке деректерді нақты және әлеуетті қауіптерден қорғау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы корпоративтік мәдениетті дамыту. Басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.saltayeva@dsm.gov.kz
- 28.04.2026
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62