ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтау қаласының теңіз порты санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Маңғыстау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Санитария, гигиена, эпидемиология
- Медицина
Функционалды міндеттер
Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес шекараны санитариялық қорғау жөніндегі бөлімнің жұмысын жүзеге асыруға, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде (санитариялық карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыруға;
Әкелуге тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізу кезінде оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупін тудыратыны белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеуді жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінде байланыссыз термометрия жүргізуді жүзеге асыруға, қажет болған жағдайда жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды жүргізуге;
Теңіз кемесінің бас декларациясының медициналық-санитариялық бөлігіне тексеру, әуе жолаушылары мен экипаж мүшелеріне олардың денсаулығының жай-күйі туралы сауалнама (сауалнама) жүргізуді жүзеге асыруға; көлік құралын (ас блогын, сумен жабдықтау жүйелерін, қалдықтардың барлық түрлерін жинау және жою жүйелерін) көзбен шолып санитариялық тексеріп қарауды, сондай-ақ көлік құралын санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау актісін толтыра отырып, инфекция тасымалдаушыларының (жәндіктердің, кеміргіштердің немесе олардың болу іздерінің) бар-жоғын тексеріп қарауды жүргізуге;
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құзыреті шегінде деректер банкін қалыптастыра отырып, келіп түскен жолаушылар және жүк кемелеріне, жолаушыларына, эпидемиологиялық қолайсыз елдерден келетін экипаж мүшелеріне мониторинг жүргізуге, есепке алу мен статистиканы жүргізуге;
Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін және олардың көліктік және коммерциялық құжаттарға сәйкестігін растайтын құжаттарға санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге - санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелерін есепке алу, оның ішінде «Кеден» ақпараттық жүйесінде; санитариялық-эпидемиологиялық айғақтарды негізге ала отырып, кедендік шекарада санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға және бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінің II бөліміне енгізілген бақылаудағы тауарларды қарауды, сынамаларды алуды жүзеге асыруға;
Көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды тексеруге (кеден органдарының өтініші бойынша), тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген бақылаудағы тауарларды бағалау үшін сынамаларды қарауға және іріктеуге қатысуға;
Бақылаудағы тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдауға;
Тасымалдау шарттары бұзылған, контейнерлердің тұтастығы, қаптаманың бүлінуі, химиялық, радиациялық, биологиялық авариялар салдарынан залалданған қолайсыз елдерден тауарлардың келуі жағдайларында бақылаудағы тауарларға бағалау жүргізуге;
Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың анықталғаны туралы жүк жөнелтушіні хабардар етуге;
Адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдер әкелінген жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;
Үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізуге;
Теңіз кемелерінің инспекциясын қамтамасыз ету және кемені санитариялық бақылаудан босату туралы куәлік/кеменің санитариялық бақылаудан өткені туралы куәлік беру/ Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес кеменің санитариялық бақылаудан өткені туралы куәлікті ұзарту (2005ж.);
Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін санитариялық - карантиндік пункттерде (бұдан әрі-СКП) карантиндік және аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда жедел іс-шаралар жоспарларын орындауға міндетті;
Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Теңіз порты қызметтерінің қызметкерлерін және теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін оқытуды және нұсқау беруді, шекаралар мен аумақтарды санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жаттығу оқу-жаттығуларын өткізуді ұйымдастыруға және жүргізуге;
Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар, эпидемиялық асқынулар туындаған және карантиндік және аса қауіпті инфекциялар ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізілген жағдайда науқастарды уақытша оқшаулау үшін теңіз портының медициналық пункттерінің изолятор жұмысына әзірлігін бақылауды жүргізуге;
Өз құзыреті шегінде кедендік шекара мен ЕАЭО аумағын санитариялық қорғау, теміржол, теңіз және әуе көлігіндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Санитариялық-карантиндік бақылауы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға;
СКББ объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды жүргізуге;
ЕАЭО кедендік шекарасы мен аумағын санитарлық қорғау бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын жасауға, бөлімнің жұмыс кестелерін әзірлеуге келісуге және олардың орындалуын жүргізуге;
Эндемиялық және эпидемиологиялық қолайсыз елдерге кететін және олардан келетін жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы бойынша дәрістер, жадынамалар мен буклеттерге мәтіндер дайындау бойынша жұмыс жүргізуге;
СКББ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындау;
Іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыруға, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
Бөлімнің материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет-ресурсында жария етуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Еңбек тәртібін сақтауға;
ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға;
Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға;
Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға;
Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
Құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Департаменттің ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған ішкі актілері саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауға;
Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті;
Қатысты ведомстволар мен ұйымдармен бірлесіп аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды әкелуден және таратудан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;
Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша апталық, ай сайынғы, тоқсандық есептілікті уақтылы және сапалы жасалуын жүргізуге;
Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге;
Сақталуын қамтамасыз етуге міндетті сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.saltayeva@dsm.gov.kz
- 28.04.2026
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62