ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі семей қ. СКПтің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Санитария, гигиена, эпидемиология
  • Медицина

Функционалды міндеттер

Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес шекараны санитариялық қорғау жөніндегі бөлімнің жұмысын жүзеге асыру, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде (санитариялық карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыруға;

Әкелуге тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізу кезінде оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупін тудыратыны белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеуді жүзеге асыруға;

Өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында контактісіз термометрия жүргізуді және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды жүзеге асыруға;

Әуе кемесінің Бас декларациясының медициналық-санитариялық бөлігіне тексеру жүргізуді, әуе жолаушылары мен экипаж мүшелеріне олардың денсаулығының жай-күйі туралы сұрау (сауалнама) жүргізуді қамтамасыз етуге; көлік құралын (ас блогын, сумен жабдықтау жүйелерін, қалдықтардың барлық түрлерін жинау және жою жүйелерін) көзбен шолып санитариялық тексеріп қарауды, сондай-ақ көлік құралын санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау актісін толтыра отырып, инфекция тасымалдаушылары мен тасымалдаушыларының (жәндіктердің, кеміргіштердің немесе олардың болу іздерінің) бар-жоғын тексеріп қарауды жүзеге асыруға;

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құзыреті шегінде деректер банкін қалыптастыра отырып, эпидемиологиялық қолайсыз елдерден келетін жолаушылар және жүк әуе кемелеріне, әуе жолаушыларына, экипаж мүшелеріне мониторинг жүргізуді, есепке алуды және статистиканы жүргізуді жүзеге асыруға;

Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін және олардың көліктік және коммерциялық құжаттарға сәйкестігін растайтын құжаттарға санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жүзеге асыруға - санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелерін есепке алуға оның ішінде «Кеден» ақпараттық жүйесінде; санитариялық-эпидемиологиялық айғақтарды негізге ала отырып; санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштерден кедендік шекарада санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға және бақылауға жататын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің II бөліміне енгізілген бақылаудағы тауарларды қарап-тексеруді, олардың сынамаларын алуды жүзеге асыруға;

Көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды тексеруге, Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген бақылаудағы тауарларды бағалау үшін сынамаларды қарауға және іріктеуге қатысуды (кеден органдарының өтініші бойынша) жүзеге асыруға;

Бақылаудағы тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдауға;

Тасымалдау шарттары бұзылған, контейнерлердің тұтастығы, қаптаманың бүлінуі, химиялық, радиациялық, биологиялық апаттар салдарынан залалданған қолайсыз елдерден тауарлардың келуі жағдайларында бақылаудағы тауарларға бағалау жүргізуге;

Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың анықталғаны туралы жүк жөнелтушіні хабардар етуге;

Адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдер әкелінген жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;

Үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізуге;

Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін санитариялық - карантиндік пункттерде (бұдан әрі-СКП) карантиндік және аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда жедел іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және орындауға;

Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

Әуежай қызметтерінің қызметкерлерін және әуе кемелері экипаждарының мүшелерін оқытуды және нұсқау беруді, шекаралар мен аумақтарды санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығуларын өткізуді жүргізуге;

Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар, эпидемиялық асқынулар туындаған және карантиндік және аса қауіпті инфекциялар ошақтарын оқшаулау және жою жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізілген жағдайда науқастарды уақытша оқшаулау үшін әуежайлардың медициналық пункттерінің изолятор жұмысына дайындығына бақылау жүргізуге;

Өз құзыреті шегінде кедендік шекара мен ЕАЭО аумағын санитариялық қорғау, теміржол, теңіз және әуе көлігіндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;

СКББ санитариялық-карантиндік бақылау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға;

СКББ объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыруға;

ЕАЭО кедендік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

Жұмыстардың жылдық, айлық жоспарларын жасауға, СКББ жұмыс кестелерін әзірлеуге және келісуге және олардың орындалуын жүзеге асыруға;

Эндемиялық және эпидемиологиялық қолайсыз елдерге кететін және олардан келетін жолаушылар мен экипаж мүшелері үшін инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы бойынша дәрістер, жадынамалар мен буклеттерге мәтіндер дайындау бойынша жұмыс жүргізуге;

Зертханалық зерттеулердің экспресс әдістерін міндетті түрде қолдана отырып, борттық тамақтану және ауыз су комиссиясы мәселелері бойынша литерлік рейстерге жедел және тиісінше қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;

Жеке және заңды тұлғалардың СКББ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерін қарауға;

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындауға;

Іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыруға, статистикалық есептілікті, директивалық құжаттарға ақпаратты уақтылы ұсынуды жүзеге асыруға;

СКББ материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің интернет-ресурсында жария етуге;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;

Еңбек тәртібін сақтауға;

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті;

Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға;

Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға міндетті;

Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, Департаменттің ішкі актілері ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған талаптарды сақтауға;

Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға;

Қатысты ведомстволар мен ұйымдармен  бірлесіп аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды әкелуден және таратудан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғау бойынша  кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;

Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша  апталық, ай сайынғы,  тоқсандық есептілікті уақтылы және сапалы жасалуын қамтамасыз етуге;

Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге;

Сақталуын қамтамасыз етуге міндетті сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2026 – 23.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62