ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әуе көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 12 қаңтарға дейін негізгі жұмыскердің осы мерзімінің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар) )

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Санитария, гигиена, эпидемиология
  • Медицина

Функционалды міндеттер

Департаменттің әуе көлігіндегі бөлімі мен аумақтық бөлімшелері қызметінің басым бағыттарын айқындауға. Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне тексеру жүргізуге қатысуға. Әуе көлігінде санитариялық эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға. Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингін үйлестіруге, жүргізуге, рұқсат беру құжаттарын беруге, олардың қолданылуын тоқтата тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыруға (кері қайтарып алуға). Әуе көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыруға, профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге және көлік объектілерінің, лауазымды, жеке тұлғалардың гигиеналық нормаларды, санитариялық қағидаларды, қаулыларды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына жұмысты үйлестіруге. Аса қауіпті, карантиндік аурулардың, инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулардың туындауына жол бермеу жөніндегі шараларды анықтауға және қабылдауға, олардың пайда болу себептерін талдауға. Астана қаласының әуе көлігі объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға міндетті. Бақылаудағы объектілерде «А», «ОК» литерлерімен аса маңызды рейстерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыруға міндетті. Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу, профилактикалық бақылау және қадағалау кестелерін қалыптастыруды, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Бекітілген зерттеу номенклатурасына сәйкес санитариялық химиялық, санитариялық-бактериологиялық және зертханалық-аспаптық зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға. Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын жасауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын, сондай-ақ зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санациясын және міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын маманның қорытындысын алғанға дейін міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысуға, олардың орындалуын бақылауға. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді және (немесе) техникалық регламенттерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілердің жекелеген жұмыс түрлерін, қызметін (пайдалануын) тоқтата тұруға. «Е-лицензиялау», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» электрондық базаларымен және бағдарламаларымен жұмыс істеуге. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге. Талдамалық жұмысты жетілдіру, дайындалатын құжаттардың сапасын, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындауға. Бөлімнің материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет ресурсында жариялауға. Іс қағаздарын жүргізуге, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізуге. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Еңбек тәртібін сақтауға. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға. Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға міндетті. Берілген құқықтар мен лауазымдық міндеттер шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге. Басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2026 – 23.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62