Дәрі-дәрмек саясаяты департаменті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биотехнология
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Дәрілік заттар айналыcы саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Құзыреті шегінде формулярлық жүйені жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру, дәрілік формулярларды келісу және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының формулярлық комиссияларының жұмысын үйлестіру. «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының қызметін үйлестіру. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде дәрілік заттар жөніндегі анықтамалықты әзірлеу (қайта қарау), оның ішінде бағалар мониторингі бойынша мәселелерге жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, оның ішінде амбулаториялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттарға, оның ішінде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар, акцизсіз этил спирті бар дәрілік заттарға қажеттілікті айқындауға қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2026 – 23.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-37-17