Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Халықаралық құқық
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
Функционалды міндеттер
Кіріс хат-хабарларын зерделеу, талдау, уақтылы және сапалы орындау, Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау, еңбек тәртібін сақтау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен (БҰҰДБ, ДДСҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, ЮНФПА және т.б.) ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар әзірлеу, Қазақстанда халықаралық ұйымдар іске асыратын және іске асырылуы жоспарланып отырған жобалардың мониторингі және бақылау. Шетелдердің денсаулық сақтау жүйелерін (Еуропа, Азия, Қиыр Шығыс және т.б.) талдау және жетекшілік ететін бөліктер бойынша ұсыныстар беру. Министрлік басшылығының халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулерін және келіссөздерін ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және олардың түгендеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу. Министрлік басшыларының шетелдік ресми іссапарларға қатысуы кезінде қажетті талдаумалың материалдарды, баяндамаларды дайындау; ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін аймақтарына денсаулық сақтау саласы бойынша ішкі саяси және және экономикалық жағдайына талдау жүргізу. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде шетелдік іссапарларға және 006 «Өкілдік шығыстар» бағдарламасы бойынша халықаралық іс-шараларды өткізуге ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқа министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ, СІМ бөлімшелерімен (Консулдық қызмет департаментімен және т.б.) құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрліктің сайтына материалдар ұсыну. Басқарма мен министрліктің қызмет саласына байланысты құжаттарды мемлекеттік, шет тілдеріне аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттарды, материалдар мен қорытындыларды дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің кездесулерін, семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.boztaeva@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-37-17