Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық ғылым және инновациялық технологиялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 28 қазанға дейін, осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығымен)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Мейірбикелік ісі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Ғылымның жай-күйіне талдау жүргізуді ұйымдастыру, медицина ғылымы саласындағы негізгі заңнамалық актілерді, нормативтік құқықтық құжаттар мен бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру, ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша медициналық ғылым ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу, талдау бойынша іс-шараларды, ғылыми кадрларды даярлауды мониторингілеу, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау нәтижелерін, инновациялық әзірлемелерді практикалық енгізуді іске асыру, ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар өткізу, ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың қызметтік хат-хабарларымен және өтініштерімен жұмыс жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2026 – 23.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-37-17