ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасын және аумағын жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуінен және
таралуынан, адам денсаулығына ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуден
санитариялық қорғау бойынша ұйымдық, әдістемелік және практикалық көмек
көрсетеді және СКББ жұмысын үйлестіреді. Жұқпалы науқастар анықталған
жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
жүргізу, күдікті карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен науқас анықталған
жағдайда іс-қимыл тактикасы бойынша оқужаттығуларды ұйымдастыру және өткізу
бойынша СКББ мамандарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету. Қазақстан
Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау мәселелерi
бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастырады және өткiзедi. Мемлекеттік
шекараны санитариялық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыруға қатысу. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттің
құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен, Департаменттің құрылымдық және
аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми орталықтармен, мамандандырылған ЖОО,
мүдделі ведомстволармен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы
мен кедендік аумағын санитариялық қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл
жасау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша
жобаларды әзірлеуге қатысу. Іс қағаздарын жүргізуді, есепке алуды және
статистикалық есептілікті жүзеге асыру. Санитариялық-карантиндік бақылау
нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті (апта
сайынғы) жүргізу, қолайсыз елдерден келетін адамдарға апта сайынғы мониторинг
жүргізу, тексерілетін және тыйым салынған тауарларға күнделікті және апта
сайынғы мониторинг жүргізу, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетке
ақпарат бере отырып, есепке алу мен статистиканы жүргізу. Әдістемелік
ұсыныстарды, нұсқауларды әзірлеу. Мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен
бiрлесiп Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын аса қауiптi және
карантиндiк инфекциялардың әкелiнуi мен таралуынан санитариялық қорғау
жөнiндегi кешендi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу. СКББ-нің бухгалтерлік және
есептілік құжаттамаларымен, нормативтік құқықтық актілермен, нұсқаулық және
әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету. Олардың қызметін жақсарту бойынша
ұсыныстар әзірлей отырып, санитариялық-карантиндік бақылаудың жайкүйіне
талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттеріндегі ЕҚКО қызметін тексеру және бағалау нәтижелері бойынша
анықтамалар, Департамент алқасына материалдар дайындау. Жұмыстың жаңа
формалары мен әдістерін зерттеп, тәжірибеге енгізу. Басқарманың жылдық
жоспарының тармақтары мен бақылауға алынған директивалық құжаттардың
уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Санитариялық-карантиндік бақылау
нәтижелері бойынша апталық, айлық және тоқсандық есептерді уақтылы және
сапалы дайындауды қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық
ақпарат құралдарымен жұмыс мәселелері бойынша СКББ қызметін үйлестіру және
бақылау. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға азаматтар
мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің
сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау
және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне
сәйкес функцияларды орындау. Еңбек тәртібін сақтауға. Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға. Мемлекеттік қызметті
атқаруға байланысты шектеулер қабылдансын. Өзіне жүктелген функцияларды адал
орындауға міндетті. Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау
органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге. Мемлекеттік мүліктің
сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік
мақсатта пайдалануға. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби
деңгейі мен біліктілігін арттыруға. Заңда белгіленген тәртіппен бөлімінің
басшысына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жұмысын
ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Жылдық, айлық
жұмыс жоспарларын құру және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы, Департаменттің ішкі актілері ақпаратты және дербес
деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға
бағытталған талаптарды сақтау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де
міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2026 – 08.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу күні

13.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06, 8(7172) 94-21-62