Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік)
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Атырау облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Азық-түлік қауіпсіздігі
Функционалды міндеттер
А блогі.
Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялықаурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық- эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.03.2026
- Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7а-үй, №24 каб.
-
87122 32-31-49