1. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2026 жылғы 20.07. қоса алғанда), А блогы, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру. Бақылау-қадағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара ісқимылды жүзеге асыру. Реттелетін салада жүргізілетін тексерулердің (профилактикалық барып бақылау және қадағалау) кестесін (тізімін) және статистикалық есебін жасауды және орындауды бақылау. Бақылау-қадағалау қызметі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бақылау-қадағалау қызметі мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына, республикалық және өңірлік семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдары жұмысының жай-күйін тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік алқасының, Комитеттің Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.ksekkonkurs@dsm.gov.kz
- 24.02.2026
- Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 10-үй, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты
-
8(7172) 74-23-84