ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2027 жылғы 31 шілдені қоса алғанда жалақы сақталмайтын демалысы кезеңіне), B блогы, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Комитеттің орталық аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізу. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша тоқсан сайынғы есептілікті қарау және жинақтау. Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша қаржылық есептілікті е-Қаржымині ақпараттық жүйесінде қабылдау, өңдеу және шоғырландыру. Орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың активтерін есептен шығару жөніндегі материалдарды қарау, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері. Комитеттің мүлкін түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша жылдық есептілікті жасау және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың осы есепті ЕССО АЖ мемлекеттік тізіліміне ұсынуын мониторингілеу. Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша бюджеттің атқарылуын мониторингілеу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік алқасының, Комитеттің Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.ksekkonkurs@dsm.gov.kz
- 14.01.2026
- Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 10-үй, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты
-
8(7172) 74-23-84