ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамыту басқармасының бас сарапшысы, А блогы, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде жетекшілік ететін жұмыс бөлімдері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және әзірлеу. Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің және Комитеттің сынақ орталықтарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыруы мен жүргізуіне бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің қызметін зертханалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету бөлігінде аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру және жүзеге асыру. Зертханалық қызметтерді дамыту, халықтың жоғары дәлдіктегі зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін сертификатталған кадрларды даярлау. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мәселелері бойынша стандарттарын, стандарттарына өзгерістер енгізу жобаларын қарау және келісу. Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізу үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу әдістемелерін қарау және келісу. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің мамандықтары мен мамандықтарының номенклатурасын, лауазымдарын, лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Басқарма және Бақылау кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша ұйымдастыру жұмысы. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, алқа, конференциялар дайындауға қатысу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік, Комитеттің алқасының талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.ksekkonkurs@dsm.gov.kz
- 02.12.2025
- Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 10-үй, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты
-
8(7172) 74-23-84