Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті мектепке дейінгі және мектеп медицинасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау, мектеп және мектепке дейінгі медицинаны ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ету. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында аурулардың профилактикасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге қатысу. Мектеп және мектепке дейінгі медицинаны көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларын, жоспарларын, заң жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындау. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулық көрсеткіштерін талдау. Кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға профилактикалық жұмыстар мен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жол карталарын әзірлеу және өзектілендіру. Педиатриялық және балалар бейінді қызметтерінің жұмысын үйлестіру. МСАК ұйымдарының профилактикалық жұмыстарын жүргізуді үйлестіру. Мемлекеттік органдармен бірлесіп бала асырап алу жөніндегі саясатты жетілдіру жұмысына қатысу, балалар туғаннан кейін жетімдіктің профилактикасы жөніндегі жұмыс. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу. МСАК ұйымдарының, балалар үйлерінің құзыреті бойынша жетекшілік ету. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасы мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру және жүзеге асыру. Ғылыми-практикалық конференцияларға, конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу. Жетекшілігі бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2025 – 11.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-37-17