Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік), СУП-2
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Атырау облысы
243370
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Б блогі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтен өту рәсімдерін қамтамасыз ету: конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу, оларды аттестаттау рәсімдерін сақтау, қызмет бабымен жоғарылау, жұмыстан босатылу. Тәртіптік, марапаттау, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың жұмысына қатысу. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету. Қызметкерлерді марапаттауды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін есепке алу. Саланың кадр қызметінің жағдайы туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есепті дайындауды ұйымдастыру және тапсыру. Біліктілік санаттарын беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Штаттан тыс қызметкерлердің жұмысын үйлестіру. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, демалыстар, іссапарлар туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау. Мемлекеттік қызметшілердің демалыстары кестелерін құру және олардың орындалуын мониторингілеу. Әскери міндеттілерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу. Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің штат кестесінің жобасын дайындау. Персоналды басқару қызметінде ісқағаздарын жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыру. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.10.2025
- Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7а-үй, №24 каб.
-
87122323149