Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
708 388
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру. Республикалық ауқымдағы бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Ауруларды басқару бағдарламасын, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделін енгізуді үйлестіру. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек қызметін, санитариялық авиация, зертханалық диагностика, қан қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру. МСАК жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. ҚР ІІМ, ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК, ҚР МКҚ ведомстволық медицина бойынша өзара іс-қимыл жасау. Ересектерге медициналық оңалту және санаторийлік-курорттық емдеу бойынша медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру. Әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті, паллиативтік көмекті және мейіргерлік күтімді ұйымдастыру және көрсету мәселелерін үйлестіру, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеу мәселелеріне жетекшілік ету, әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде стандарттар мен клиникалық хаттамаларды келісу. Медициналық көмекті және бейінді қызметтердің жұмысын ұйымдастыру бойынша талдамалық материалдарды дайындау. Онкология жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. Медициналық қызметтерді стандарттау саласындағы мәселелерді үйлестіру; медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметін қамтамасыз ету. Департамент директоры орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.boztaeva@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-37-17