Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік) 21-15-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Химия
  • Биология
  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы норма шығармашылық қызметін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде бақылау субъектісіне (объекті) бару арқылы проилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізімдерін және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, медициналық ұйымдарда құпия аудитті енгізу, Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің және Call-орталықтарының жұмысын үйлестіру. Медициналық инциденттерді (қателерді) есепке алу және талдау жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу. Салалық бағдарламалардың іске  асырылуын,  пациенттің құқығы мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма қызметкерлерінің қызметін, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етуін жүзеге асыру, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.08.2020 – 28.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-18-04, 74-27-12