Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биотехнология
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Жалпы басшылықты жүзеге асыру және Басқарманың қызметін ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; өз құзыреті шегінде фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі бойынша инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша  ұсыныстар әзірлеу; халықаралық стандарттарға (GLP және ISO-17025) сәйкес келетін аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың үлесін ұлғайту; ұлттық реттеушінің ДДҰ Бенчмаркингінің жетілу деңгейіне қол жеткізуі; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарудың жаңа өндірістерін құру және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін оқшаулау үшін шетелдік компанияларды тарту, отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды үйлестіру, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақпен         өзара іс-қимыл. Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; жетекшілік ететін саладағы консультациялық- кеңесші органдардың қызметін үйлестіруге қатысу; сыртқы нарықта ОТӨ мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.06.2025 – 24.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-36-86