Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті "Баспасөз қызметінің" Бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын жүзеге асыру. Баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру және өткізу. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтар іріктеу. Департамент өткізетін іс-шараларда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеуді қамтамасыз ету. Медиа-жоспарларды әзірлеу және іске асыру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру. Департамент Веб-сайтының "Жаңалықтар" бөлімінің жұмысын үйлестіру. Бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін және мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың хаттарын қарау. Тиісті мемлекеттік органдарға Комитеттің қызметін республикалық және өңірлік электрондық және баспа БАҚ-та жариялау туралы есептерді ұсыну. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша құжаттарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Департамент өткізетін іс-шараларға қатысу. Бөлімнің құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі 2а
-
8(7172) 94-29-06