ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы (1 бірлік), А функционалдық блогы
Ақмола облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметінің басым бағыттарын айқындау. Негізгі қызмет мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіру және талдау жүргізу. Басқарманың кеңесіне материалдар, талдамалық материалдар, бөлім қызметі бойынша анықтамалар дайындау. Көлікте санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге, үйлестіруге, мониторинг жүргізуге, рұқсат құжаттарын беруге, олардың қолданылуын тоқтата тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыруға (кері қайтарып алуға). Көлік объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етуге. Өз құзыреті шегінде тамақтан улану, инфекциялық, инфекциялық емес, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға. Көлік объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарын тексеруді жүзеге асыруға. Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу, профилактикалық бақылау және қадағалау кестелерін қалыптастыруды, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Бекітілген зерттеу номенклатурасына сәйкес санитариялық-химиялық, санитариялық-бактериологиялық және зертханалық-аспаптық зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға. Жылдық, айлық жұмыс жоспарларын жасауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге. Халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын, сондай-ақ зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санацияны және міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын маманның қорытындысын алғанға дейін міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысуға, олардың орындалуын бақылауға. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді және (немесе) техникалық регламенттерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілердің жекелеген жұмыс түрлерін, қызметін (пайдалануын) тоқтата тұруға. «Е-лицензиялау», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» және басқа да электрондық базалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге. Талдамалық жұмысты жетілдіру, дайындалатын құжаттардың сапасын, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындау. Басқарма материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурста жариялауға. Іс қағаздарын жүргізуді, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізуге. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша талдау жүргізуді ұйымдастыруды және бақылауды, көліктің бақылаудағы объектілерінде өндірістік бақылаудың орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруға. Бекітілген нысандарға сәйкес есептілікті дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру. Тиісті аумақта инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуінен және таралуынан шекараларды санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды әкелуге жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде инфекциялық сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарға байланыссыз термометрия және оқшаулау жүргізу. Өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасауға. Құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз етуге міндетті. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге. Еңбек тәртібін сақтауға. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдансын. Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға міндетті. Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Департамент пен басқарудың ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған ішкі актілері саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауға. Департамент және (немесе) Құқық қорғау органдары басшылығының назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстардың өздеріне белгілі болған жағдайлары туралы дереу жеткізуге міндетті. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.moldataeva@dsm.gov.kz
- 26.06.2024
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06