Стратегия және даму департаменті Қоғамдық денсаулық сақтау және ҮЕҰ-мен әріптестік басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), 18-06-05

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Басқармаға келіп түскен құжаттарды, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, олардың сапалы және уақтылы орындалуына өзіндік талдауын жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Министрліктің және басқа мемлекеттік органдардың басқа нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде аурулардың профилактикасы және профилактикалық бағдарламаларды, жол карталарын әзірлеу және мониторинг бойынша қызметке талдау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыруға мониторинг жүргізу. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, жұмыс, сараптама топтарының отырыстарын, кеңестерді ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу. Популяциялық деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау, аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы мәселелерін үйлестіру. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бірлескен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу. Семинарларға, алқаларға, конференцияларға материалдар дайындау. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ересек халықты медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.05.2024 – 03.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18