Ішкі қауіпсізді басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 2 бірлік, Б блогы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
282700
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен шаралар әзірлеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Ағымдағы және перспективті жұмыс жоспарларын, Басқарма құзыретіне кіретін басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу. Ішкі бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде: бақылау рәсімдерін, Комитет қызметінің барлық бағыттарын қамтитын деректерді уақтылы және тиімді анықтауды, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін мониторингілеуді және бағалауды қамтиды. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.ksekkonkurs@dsm.gov.kz
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 9 кіреберіс
-
8(7172) 74-18-04