Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Аурулар профилактикасы басқармасының сарапшысы, (1 бірлік), С-5 санаты, 13-02-03
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқармаға келіп түскен құжаттарды, соның ішінде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді орындау, олардың сапалы және уақтылы орындауға өзін-өзі талдау жүргізеді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде аурулардың профилактикасы бағдарламаларын, жол карталарын әзірлейді және мониторинг бойынша жұмысқа талдау жүргізеді. Қоғамдық денсаулық мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастыруға мониторинг жүргізеді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарларға, алқаларға, конференцияларға талдамалық материалды дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18