Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Нұра ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Қосымша талаптар

медициналық- профилактикалық іс

Функционалды міндеттер

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Халықтың әл-ауқатының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша жедел ақпарат дайындау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық есептілікті қалыптастыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және талдау, қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру. Басқармада мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті бақылау. Құжаттарды ақпараттық - анықтамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық - эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2023 – 11.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

57-60-52