Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытында С-R-4 санаты 1 бірлік индекс №; 20-12;).

Мемлекеттік орган

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік және зертханалық жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Сырқаттанушылықтың жағдайын жедел, ретроспективті талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Құзыретінің шегінде кеңестер, семинарлар өткізу. Энтомологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс. Өкімдер, бұйрықтар және сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Трансмиссивтік аурулардың (безгек, кене энцефалиті және басқалар)  тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Ісқағаздарын және мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттар дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2023 – 09.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы, Х.Бектурганов к/сі, 10 "А"

Анықтама алу үшін байланыс

8(7242) 23-71-90, факс: 8(7242) 23-81-46