Ғылым және адами ресурстар департаменті Адами ресурстарды дамыту және менеджмент басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 14-02-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Қаржы
  • Білім (химия)

Функционалды міндеттер

Басшылықтың шешімдерін ресімдеу, іс қағаздарын жүргізу, адам ресурстарын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, менеджмент, денсаулық сақтау саласында дамыту және жүзеге асыру, сала кадрларының жағдайын талдау, денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штаттық нормативтерін әзірлеу және жетілдіру, сала лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын және лауазымдар номенклатурасын әзірлеу және жетілдіру, медицина кадрларына қажеттілікті айқындау, медицина және фармацевтика кадрларына қосымша білім берудің бюджеттік бағдарламаларын талдау және мониторингілеу, медицина және фармацевтика кадрларына қосымша білім беруді талдау және мониторингілеу, денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді басқару технологияларын енгізуді талдау,кәсіптік менеджмент институтын ендіру үдерісінің мониторингі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын  мониторингтеу, кешенді тексеруді ұйымдастыру және қатысу, қосымша білім берудің қажеттілігін айқындау және мемлекеттік тапсырысын қалыптастыру, қосымша даярлаумен айналысатын ұйымдарды кешенді тексерулерге қатысу, адам ресурстарын дамыту мәселелері бойынша министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау, қазақстандық мамандардың шетелде біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне материалдар дайындау, Премьер-Министрдің Кеңсесі, қызметтік хат-хабарлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2020 – 02.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18