Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Мониторинг және өңірлік даму басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), 08-02-04
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
Функционалды міндеттер
Бас сарапшы – өңірлік даму басқармасының инспекторы. Басқармаға келіп түсетін құжаттарды орындау, олардың сапалы және уақытылы орындалуына талдау жүргізу, еңбек тәртібін сақтау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын әзірлеу, мониторинг жүргізу. ҚР Денсаулық сақтау министрі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері арасындағы меморандумды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын стратегиялық және өзге де директивтік құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан келісу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық денсаулық сақтау органдарының және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру. Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторингілеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Министрліктің талдамалық есептерін және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18